Әлемдік мұра

Әлемдік мұра нышаны
№1103 нысан: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қазақстан
№86 нысан: Мемфистегі Гиза пирамидасы, Мысыр
№114 нысан Персеполис, Иран
№447 нысан: Улуру, Австралия
№174 нысан: Римнің тарихы орталығы, Италия
№603 нысан: Регистан алаңы, Өзбекстан

Әлемдік мұра ( ағылш. World Heritage, фр. Patrimoine Mondial, ис. Patrimonio Mundial) — ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар.

2012 жылғы жағдайына сәйкес сәйкес Әлемдік мұра тізімінде — 962 нысан [1] [2]. Соның ішінде 745 мәдени, 188  — табиғи және 29 — аралас нысан бар [1].

Ұйымдастырылуы

1972 жылы БҰҰ Білім, Ғылым және Мәдениет Ұйымы (ЮНЕСКО) дүниежүзіндегі мәдени және табиғи мұраларын қорғау туралы қарар қабылдады ( 1975 ж. Күшіне енген). КСРО бұл Қарарды 1988 жылы наурыздың 9 ратификациалады. 2010 жылы сәуірде қарарды 187  БҰҰ-ға мүше елдер ратификациалаған, соның ішінде Қазақстанда бар.

Жыл сайын дерлік Әлемдік мұра комитеті сессиясы өтіп, онда «Әлемдік мұра мәртебесін беру» сұрақтары талқыланады (мысалы 2008 жылы Квебекте өткен 32-ші сессиясында 19 мәдени және 8 табиғи нысандар тізімге қосылды. Сол сәтке сәйкес тізімде 145 елдің 878 нысандары болған: 679 — мәдени ескерткіштер, 174 — табиғи және 25 — аралас типті.)

«Әлемдік мұра мәртебесінің» келесі артықшылықтары бар (табиғи ескерткіштер үшін):

  • Ерекше табиғи кешенге қосымша оның бірегей кешен болып сақталып тұруына кепілдік береді.
  • Ескерткіш орналасқан аймақ пен оның иелерінің абыройын арттырады.
  • Сол тізімге енген нысандарды дәріптеу және соның салдарынан баламалы табиғатты пайдалану үрдістерін қадыптастыруға (әсіресе, экологиялық туризмді) септігін тигізеді.
  • Ескерткіштерді қаржыландыру маңыздылығын орнатып, Әлемдік мұра қорынан қаражат бөлуді қамтамасыз ету.
  • Табиғи ескерткіштерді бірыңғай бақылап, тексеріп отыруды ұйымдастыруға ықпал етеді.

Ескерткіш орналасқан мемлекеттер сол ескерткіштерді сақтау міндеттемесін алады.

Негізгі тізім аясында Әлемдік мұра жоғалу қаупіндегі ескерткіштер ішкі тізімі бар. Бұл тізімге әр түрлі табиғи немесе адамдардың себебінен қауіп төніп тұрған ескерткіштер уақытша кіреді: қарулы қақтығыстар мен соғыстар, жер сілкініс пен табиғи апаттар, ластану, браконьерлік пен тәртіпсіз құрылыс салдары сияқты. Тізімге кірді деген сөз оларға ерекше назар аударып, шұғыл шаралар істеу керектігін айтады.

2007 жылы Омандағы Аравия ориксы қорығы (ақ орикске үзіліссіз аңшылық пен қорық аймағының тарылуынан) және 2009 жылы Германия Дрездендегі Елбі алабы (мәдени ландшафттағы аймақтағы толассыз салынып жатқан жол құрылысынан) ЮНЕСКО тізімінне алынып тасталды.

Other Languages
Alemannisch: UNESCO-Welterbe
azərbaycanca: Ümumdünya irsi
Boarisch: UNESCO-Wödeabe
беларуская (тарашкевіца)‎: Сусьветная спадчына ЮНЭСКО
brezhoneg: Glad bedel
客家語/Hak-kâ-ngî: Sṳ-kie Vì-sán
hornjoserbsce: Swětowe herbstwo
Bahasa Indonesia: Situs Warisan Dunia UNESCO
日本語: 世界遺産
한국어: 세계유산
Lëtzebuergesch: Weltierfschaft
монгол: Дэлхийн өв
Bahasa Melayu: Tapak Warisan Dunia
Plattdüütsch: List vun dat Weltarv
Nedersaksies: Wealdarfgoodlieste
Nederlands: Werelderfgoed
norsk nynorsk: Verdsarv
саха тыла: Аан дойду Утума
srpskohrvatski / српскохрватски: Svjetska baština
Simple English: World Heritage Site
српски / srpski: Светска баштина
Basa Sunda: Loka Warisan Dunya
svenska: Världsarv
Kiswahili: Urithi wa Dunia
Türkçe: Dünya Mirası
татарча/tatarça: Бөтендөнья мирасы
Tiếng Việt: Di sản thế giới
吴语: 世界遗产
中文: 世界遗产
粵語: 世界遺產