Ұлы Седжон

Седжон
世宗
Өмірбаяны
Дүниеге келуі:7 мамыр 1397(1397-05-07)
Чосон, Ханъян
Қайтыс болуы:18 мамыр 1450(1450-05-18) (53 жас)
Чосон, Ханъян
Әкесі:Тхэджон
Анасы:Вонгён
Жұбайы:Сохён
Балалары:Мунджон, Седжо және тағыда 22 баласы бар

Ұлы Седжон (кор. 세종대왕; 世宗大王) – Корей жеріндегі Чосон әулетінің төртінші патшасы. Ол корей халқына арнап ортақ хангыл алфабитін құрастырды. Седжон – Корей басшыларының арасындағы «ұлы» деген атақты иеленген екі патшаның бірі. 1418 жылдың маусым айында Тхеджон патша таққа отырудан бас тарты. Осылайша, Седжон Чосон патшасы болып тағайындалды. Ол өте мерімді патша еді. Сарайдағы артық тағамдарды көрсе, мұқтаж жандарға таратуға бұйрық беретін. Седжон – астронавтарға Сеулдің ендігіне ыңғайлап, күнтізбені ойлап табуына ықпал еткен алғашқы патша. Седжон корей тіліндегі 28 әріптің бүкіл халыққа үйретілуін қадағалады. Елдің сауат ашып, оқу мен жазуды үйренуін талап етті. Ол билік құрған жылдары корей мәдениеті, әдебиеті, астрономиясы мен медецинасы барынша дамығандықтан, ол басқарған уақыт «Корей мәдениетінің алтын ғасыры» деп аталды.Седжон корейлердің ең құрметті патшаларының бірі. Ол сарайына Құран оқытуға шақыртқан. Шын мәнінде оны сондай құрметке жеткізген оның ақылдылығы мен Алланың құдіреті шығар. Алайда, Седжон патша өмірден озған соң он бесінші ғасырдың ортасынан кейін Корей түбегінде исламмен өзара қарым-қатынас кенет суып кетеді. Бұны он бесінші ғасырдан кейін еуропа құрлығының Испания мен Португалия елдері басшылыққа алған географиялық ашылулар кезеңі басталғандығы, бұған дейін көпір қызметін атқарған сауданы жүргізіп келген арабтардың саудадағы құқығының әлсіреуі мен Шығыс Солтүстік Азия жағдайының өзгеруімен түсіндіруге болады. Осы кезде Қытайдағы ішкі өзгеріске байланысты конфуций ілімі күшейіп, мұсылмандардың тікелей ролі азая түсті. Корей патшалығы мен Қытай патшалығының арасында баяғыдан келе жатқан тығыз байланысқа қарасақ, Қытай ішіндегі өзгерістің әсері Кореяға да тигенін байқаймыз. 1427 жылы конфуций ілімінің ықпалындағы шенеуніктер өзге дінге байланысты бүкіл елді қамтыған жою процессін жүргізді, осыдан мұсылмандардың әрекеті күшпен басылып, жаншылды. Цинь династиясы кезіндегі мұсылмандарға байланысты жүрген ығыстыру және географиялық ашылулардан кейін Шығыс Азияда еуропалық теңіз күші мұсылман күшінен басым түскен халықаралық саяси жағдайдың өзгеруі де Корей түбегіндегі мұсылмандардың оқшаулануы мен жоюлуын тездетті. Осындай қарым-қатынастың үзілуі жиырма бірінші ғасырдың басында өркениет толқыны тұрғанға дейін жалғасты».Корей түбегіне ислам діні таралып қана қоймай, оның өміріне әсер етуі де қызық. Шынымен, корейлер де ай күнтізбесі әлі күнге дейін қолданылып келеді. Ай күнтізбесін жасаған Седжон патшаның кезінде корей тілі де пайда болды. Корей тілі пайда болғанға дейін корейлер қытай иероглифтерімен жазып келген. Корей тарихында Седжон патшаның билеу кезеңін корей тарихының «алтын ғасыры» деп атайды. Оның себебі ғылыми жаңалықтар ғана емес экономиканың дамуы. Көріп тұрғандай мұсылманша күнтізбені өздеріне тиімді пайдаланған корейлердің сол кездегі қоғамы дамыды. Седжон патшаның бүгінгі ұрпақтары әлемге танылған корей компанияларын шығарып, әлем халқын таңғажайып даму мен өркендеу, технологиялық жетістіктермен таң тамаша етіп жатыр.

Корей жазбасының шығуы

Корей әліпбиі – хангыль – Ұлы ван Сечжонның (басқару мерзімі 1418-1450), Чосон әулетінің төртінші билеушісі (1392-1910) бастамасымен бір топ ғалымдар 1418жылы жасап шығарды. Дегенмен мемлекеттік жазба ретінде тек 1446 жылы ғана енгізілді. Ұлттық жазбада шығарылған алғашқы құжат «Хунминчоным» (халықты үйретудің дұрыс дыбыстары) деп аталды. Өздерінің әліпбиін жасамастан алдын корейліктер қытай иероглифтерін пайдаланды. Алайда корей сөзін дұрыс білдіру үнемі бола бермейтін. Сонымен бірге иероглифтерді оқыту ұзақ уақыт алатын. Тек ақсүйектер ғана онымен шұғылдана алатын. Әліпбидің жоқтығы себебінен білімділерден басқа қарапайым халық жазуды түсінбейтін. Соның салдарынан көптеген қиыншылықтарға ұшырайтын. Бірақ орта қауым адамдары иду жазбасын қолданған болатын. Бұл жазба да корей тілін толық қағаз бетіне түсіру мүмкін емес және ол өте қиын жазба түрі болды. Осы жайсыздықтан, халық тұрғындары екі жазба түрі қолданылуын жойып, бір негізге енгізу үшін жаңа корей жазбасының «Ханмунчоным» немесе «Хангыль» пайда болуына әкелді. Корей жазбасын қалыптастыруда Сечжон мен сарай ғалымдары бірнеше жазу жүйелерінің: көне қытай мөрлерінің белгілерін, ұйғыр және моңғол жазуын есепке алды. Алайда корей әліпбиінің негізі ретінде өздерінің жасаған фонологиялық зерттеулерінің нәтижелерін алған. Ең алдымен хангыль «Ханмун» деп аталынды. Оның мағынасы «Халықты дұрыс айтуға үгіттеу» дегенді білдірген.[1][2][3][4]

Other Languages
تۆرکجه: سجونق کبیر
български: Седжон
català: Sejong
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Dièu-siēng Sié-cŭng
čeština: Sedžong Veliký
kaszëbsczi: Sejong Wiôldżi
Deutsch: Sejong
Esperanto: Seĝong
euskara: Sejong Handia
français: Sejong le Grand
Nordfriisk: Sejong (köning)
հայերեն: Սեջոնգ Մեծ
Bahasa Indonesia: Sejong yang Agung
ქართული: სეჯონ დიდი
한국어: 조선 세종
Latina: Sejong
lietuvių: Sejong
монгол: Сэжун ван
Bahasa Melayu: Sejong Agung
Nederlands: Sejong de Grote
norsk nynorsk: Sejong den store
português: Rei Sejong
Scots: Sejong
සිංහල: මහා සේජොං
Simple English: Sejong the Great
ślůnski: Sejong Wjelgi
Türkçe: Sejong
吴语: 朝鮮世宗
中文: 朝鮮世宗
文言: 朝鮮世宗
Bân-lâm-gú: Tiâu-sián Sè-chong
粵語: 李裪