Уикипедия:Сенімді дереккөздер

Лақап:
УП:СД
УП:БД

Уикипедиядағы мақалалар жарияланған беделді дереккөздерге негізделуі керек. Бұл бетте «Өзіндік зерттеулердің болмауы» және «Тексерілмелі» ережелерінде көрсетілгендей қателіктерге жол бермеу мақсатында дереккөздердің беделділігін бағалау жөніндегі нұсқаулықтар берілген.

Сіз Уикипедияны пайдалы мәліметпен толықтыра аласыз, алайда егер Сіздің мақалаңызда беделді дереккөздің сілтемесі көрсетілмесе, Сіздің мақалаңыз жойылуы мүмкін. Сілтемелерді іздеу және енгізу мақалаға мәліметтер енгізген адамның жауапкершілігінде. Сондықтан дереккөздерге сілтемені үнемі және орынды енгізіп отырған жөн.

Осы нұсқаулықта беделді дереккөздерді таңдау мен орналастырудың орынды үлгісі берілген. Редакторлардың бірі қажетті мәліметті және мақаланың мәтіні бойынша сілтемені іздеуге көңіл бөлмегендіктен, Уикипедиядағы мақалалар үлгіге сай емес болып отыр. Дегенмен оқырман деректердің сенімсіз екенін ескерсе ғана одан құнды мәлімет ала алады.

Айта кетер жайт, қатысушы тексерілмеген немесе анықталмаған мәліметтерді мақалаға енгізуіне болады, бірақ бұл мәлімет факт емес жай біреудің пікірі екенін ескерту қажет. Мысалы, «бұл жайлы қате түсінікпен айтылған пікірлер кең таралған…», «Аңызда баяндалғандай, ...» немесе «Академик А.А. Ивановтың пікірінше, ...». Бірақ бұндай пікірлерді енгізу үшін олар кең танылған немесе мақала тақырыбын баяндау үшін маңызды болуы тиіс.

Мазмұны

Other Languages
беларуская (тарашкевіца)‎: Вікіпэдыя:Крыніцы, вартыя даверу
Bahasa Indonesia: Wikipedia:Sumber tepercaya
srpskohrvatski / српскохрватски: Wikipedia:Pouzdani izvori
oʻzbekcha/ўзбекча: Vikipediya:Nufuzli manbalar