Томас Алва Эдисон


Thomas Edison

"Genius is one percent inspiration, ninety-nine percent perspiration."
– Thomas Alva Edison, Harper's Monthly (September 1932)
Дүниеге келгені: Thomas Alva Edison
1847 ж. ақпанның 11 (1847—02—11) (170 жас)
Milan, Ohio, United States
Қайтыс болғаны: 1931 ж. қазанның 18 (84 жаста)
West Orange, New Jersey, United States
Мансабы: Inventor, scientist, businessman
Дiнi: Deist
Жұбайы: Mary Stilwell (  1871–1884)
Mina Miller (  1886–1931)
Балалары Marion Estelle Edison (1873–1965)
Thomas Alva Edison Jr. (1876–1935)
William Leslie Edison (1878–1937)
Madeleine Edison (1888–1979)
Charles Edison (1890–1969)
Theodore Miller Edison (1898–1992)
Ата-аналары Samuel Ogden Edison, Jr. (1804–1896)
Nancy Matthews Elliott (1810–1871)
Relatives Lewis Miller (father-in-law)
Қолы:
(ағылш.) A Day with Thomas Edison (1922)


Томас Эдиссонның балалық шағы

Томас Эдисон 1847 жылы, 11 ақпанда Огайо штатындағы Милан қаласында дүниеге келген. Оның әкесі ,Самюэль Эдисон, Канадада бидай және темір саудасымен айналысқан. Алайда Канаданың тәуелсіздігі үшін соғыс кезінде АҚШ-қа қоныс адаруға мәжбүр болған. Осыдан кейін ол мектеп мұғалімі, Томас Эдисонның анасы, Нэнси Эллиотпен тұрмыс құрды. Томас Эдисон 7 жасқа толғанда оның отбасы Мичиган қаласындағы Порт-Гуран қаласына көшіп келеді. Ол жерде біраз уақыт өткеннен кейін қызамақпен ауырып, сол аурудың кесірінен есту қабілетін нашарлатып алады [1].

Томас Эдисонның тұлға болып қалыптасуына және білім алуына анасы үлкен рөл атқарды. Жас кезінен Томас өте зерек болып өсті және жаңа құрылғыларға қатты қызығатын. Алайда, мектепте Томас Эдисон өзінің құрдастарымен салыстырғанда үлгерімі өте төмен болды және оны “мисыз ақымақ” деп санаған. Сол себепті ол мектепке 2 айға жуық уақыт барды. Ары қарай білім алуына анасының ықпал зор болды. Жас баланың бойындағы ерекше қабілетті байқаған анасы оған тек жалпы мектептік бағадарламаны ғана оқытпай, жаңа заттарды үйренуге және өзі үшін білім алуға құштарлығын оята білді. Томас Эдисон он жасқа толғанда оған Чемберстің “ Энцеклопедиясы”, Добиньидың “ Реформация тарихы”, Гибонның “ Рим империясының құлауы” сынды күрделі кітаптарды оқуға рұқсат берілді. Ал жаратылыстану ғылымына байланысты кітаптарды аса қызуғышылықпен оқыды. 2 жылдан кейін Детройт кітапханасына кіруге мүмкіндік алғаннан кейін ол өзіне сөрелеріндегі барлық кітапты оқып шығуға мақсат қойды. Эдисонның білім алуындағы ерекшелік оның жүйелі болмауы. Осы жағдай оның болашақта атақты өнертапқыш болуына себепші болды [2].

Алғашқы жұмысы

12 жастан бастап Томас Порт-Гурон мен Детройт арасында қатынайтын темір жолда жұмыс істей бастады. Ол поезд ішінде газет-журнал, темекі сынды заттарды сатумен айналысатын. Томас Эдисонның темір жолдағы жұмысы Америкадағы азамат соғысына тұспа-тұс келді. Ол кезде адамдар соғыстағы жаңалықтарды білу үшін жапппай газет алатын. Сондықтан Томас газет сатумен көп пайдаға кенелуге болатынын түсініп, вагонның ішінде өзінің газетін шығаруға бекінді. Жаңалықтарды телеграф жұмыскеркерлерінен сұрап алатын, ал газетті тауар тасымалдайтын вагонның ішінде басып шығаратын. Осы іске керек барлық керек-жарақты және химикаттарды сатып алып, құрылғыларды вагонға орнатты. Енді оның газеті жүздеген тиражбен тарай бастады. Дегенмен, бұл жағдайға қанағаттанбаған бала сол вагон ішінде өзінің зертханасын ашты. Алайда, Томас Эдисонның бұл жаңа бастамасы жағымсыз жағдаймен аяқталды. Поезд кенеттен тоқтаған кезде химикаттар жерге төгіліп вагон ішінде өрт шығады. Бұны көрген жолсерік Томас Эдисонды зертхана және баспаханасымен бірге сыртқа лақтырып жібереді [3].

1862 жылы Томас Эдисон бекет бастығының баласын қозғалып бара жатқан поездан құтқарып алады. Осы жағдайды көрген бекет бастығы жақсылықтың қайтарымы ретінде оны телеграф жұмысына баулиды. Осы кезден бастап Эдисон телеграф ісімен айналысып, 5 айдан кейін осы мамандық бойынша жұмыс бастауына мүмкіндік алады.

Телеграфшы

1863 жылы Томас Эдисон айына 25 доллар жалақысы бар телеграф жұмысына орналасады. Ол күндізгі уақытты кітап оқуға және тәжірбие жасауға , ал түнгі уақытын жұмысын атқаруға арнайды. Алайда Томастың түнгі кезекшілікте ұйықтап қалу кесірінен 2 поезд соғыса жаздайды. Сол себепті оны бұл жұмыстан қуып жібереді.

Көп ұзамай Томас Эдисон Форт-Вейнда тағы да телеграф жұмысына орналасады, бірақ оның құрылғыларға деген қызуғышылығы оған тағы да кедергі жасайды. Басшылық Томасты 2 айдан кейін алаңғасарлығы үшін жұмыстан шығарып жібереді. Бұдан кейін ол Индианополиста, сосын Цинцинаттида жұмысын жалғасырады. Алайда, Томас Эдисон бұл жерлерге де ұзақ тұрақтана алмады, сол себепті әуелі Мемфиске, кейін Луйсвильге ауысады. Луйсвильде ол 2 жылдай қызметін атқарады, бірақ қайтадан сәтсіздікке ұрынады. Жаңа тәжірбие жасау мақсатында күкірт қышқылын тасып бара жатқанда байқаусызда төгіп алады. Ол нәрсе банк конторасындаы қымбат жиһаздарды бұлғап тастайды. Амалсыздан, Томас Эдисон өзінің туған жері, Порт-Гуронға қайтуға мәжбүр болады. Осыдан кейін ол Бостанда телеграф жұмысын жалғастырады. Ал 2 жылдан кейін ол Нью-Йоркке жол тартады. Осы кезден кейін оның өмірінде жаңа кезең басталады [4].

Нью-Йорк

1869 жылдың көктемінде Томас Эдисон 23 жасқа толған шағында Нью-Йоркке келеді. Алайда ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай сандалады. Сол кездері ол көп қиындық көреді, кейде тіпті аш жүрген күндері болады. Алайда бір оқиға өміріне қолайлы әсер етіп, материалдық тәуелділіктен құтқарды. Томас Эдисон Ло атты компанияның бастығына кірмекші болады. Ол болса алтын нарығының жағдайын телеграф арқылы жіберетін құрылғыны жөндеу үстінде болатын. Томас бұл жағдайды көріп, жаңағы құрылғыны бірер минутта жөндеп тастайды. Осыдан кейін оның жұмысы өрге жүзеді. Біраз уақыт өте ол әріп бастыруға мүмкіндік беретін телеграфқа патент алады. Енді алтын нарығының жұмысы тек оның құрылғылары арқылы жүре бастайды. Енді оның қол астында көп капитал және мүмкіндіктер болды [5].

Енді ол Нью-Йоркке жақын орналасқан Ньюаркте өзінің шеберханасын ашады. Ол жерде Томас Эдисон телеграфқа қажет құрылғылыр және басқа да электрлік құралдар жасайтын. Уақыт өте оны кеңейтіп, технопарк сынды үлкен ғылыми-техникалық орталыққа айналдырды.

1871 жылдың көктемінде Томас Эдисонның анасы қайтыс болады. Дәл сол жылдың қысында ол Мэри Стилвеллмен отау құрады. Олардың Мэрион, Томас және Уильям деген балалары болған. Алайда 1884 жылы оның әйелі қайтыс болады. Сол себепті 1886 жылы өнеркәсіпші Луис Миллердің қызына үйленеді. Екінші әйелімен де ортақ үш балалары болған.

Томас Эдисонның ашқан жаңалықтары

Электр шамы

Эдисонның ойлап тапқан электр шамы

Электр шамдарының тарихы XIX ғасырдың басынан бастау алады. Петербург медицина-хирургиялық университеттің профессоры Петров 1802 жылы 2 электрод өзекше арқылы қысқа уақытқа жарық шығарды. Ал 1810 жылы атақты Фарадейдің ұстазы Деви ауасыз кеңістікте көмірді электр қуаты арқылы жаға отырып электр жарығын алды. Томас Эдисонға дейін бұдан басқа да көптеген адамдар электр жарығын алуға талпынды. Алайда жасалынған құрылғылардың барлығында кемшіліктер болады. Барлығы дерлік ұзақ уақыт бойы жана алмады және бағасы өте қымбат тұрды. Сол себепті оларды тұрмыстық қолданысқа енгізуге мүлдем жарамсыз болды. Электр тоғы кедергісі көп сымнан өткенде үлкен мөлшерде жылу бөліне бастайды. Егер тоқ өтетін ортаның тоқ кедергісін одан сайын арттырса, жылудың көп бөлінуінен жарық пайда болады. Алайда, жылудың көп мөлшерде бөлінуі шамның ішіндегі кедергісі көп сымдарды күйдіріп жіберетін. Сол себепті Эдисон көптеген тәжірбиелер жасау арқылы жылуға төзімді материал іздеді. Ақыры соңында, 10 000 рет жасалған тәжірбиеден кейін ол көмірленген бамбук талшығы ең қолайлы материал екеніне көз жеткізді. Сонымен қатар, ол талшықтың жанып кетпеуі үшін шамның ішінен барлық ауаны сорып алды. Осы талшықты қолдана отырып Томас Эдисон 100 сағатқа дейін жұмыс істейтін шам үлгілерін жасай алды. Томас Эдисонның еңбегі тек шамды жасауында ғана емес, сонымен қатар оны қолданушыға ыңғайлы, қауіпсіз және қолжетімді бағада жасай алуында жатыр. [6]

1878 жылы ол электр шамдарын жасаумен айналысатын Edison Electric Light деген компаниясын ашады. Ал 1882 жылы электргенераторлар, шамдар жасайтын Edison General Electric деген тағы да бір компанияны ашады. Сол жылы ол Нью-Йоркте әлемдегі бірінші қосалқы электр бекетін орнатады [7].

Фонограф

Эдисонның жасаған фонографы

Томас Эдисонның жасаған құрылғылардың ішінде фонограф ерешке орын алады. Фонограф дыбысты жазып, дәл сол қалпында қайтадан жаңғырта алуға мүмкіндік беретін құрылғы. Ол 1877 жылы 21 қарашада көрсетілімге бірінші рет қойылған. Бұл құрылғы сол кездегі адамдарды қатты таңғалдырды.

Телефонды дамытуы

1861 жылы Филлипп Рейс дыбысты сым арқылы ұзақ қашықтыққы тасымалдаудың әдісін ойлап тапқан. Алайда, телефонды жасаушы атағы Бостон университетінің профессоры Александр Беллге тиесілі. Дұрыс жалғанбаған электр тізбектегі сымдарың тербелісі динамикте естіледі. Алғашқы жасалынған телефондар осы принципке сәйкес жұмыс істеген. Алайда телефонның бірінші түптұлғасында көптеген кемшіліктер бар болатын. Біріншіден, ол ұзақ қашықтыққа жұмыс істеуге мүмкіндік бермеген және дыбыстың дұрыс естілуі сөйлеушінің асықпай, қатты дауыспен сөйлегенін қажет етеді. Ал Томас Эдисонның жасаған телефоны мүлде басқа принципке негізделген. Ол өзінің нұсқасында индукциялық катушка мен көмір микрофонын (угольный микрофон) пайдаланды. Қолданушы микрофонға сөйлегенде тізбектегі тоқ дыбыстың қысымына сәйкес өзгеріп отырады. Ал екінші жақта тұрған индукциялық катушка дыбыстың қаттылығына қарай өзгеріп жатқан тоқты қайтадан дыбысқа түрлендіреді. Сондықтан екінші жақтағы адам сөйлеп жатқан адамның дәлме-дәл дыбысын естуге мүмкіндік алады. Оның жаңадан ойлап тапқан телефоны дыбысты ұзақ қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар тыңдаушы ақырын естілетін дыбыстардың өзін де ешбір қателіксіз естуге мүмкіндік алды [8]. .

Томас Эдисон аталған құрылғылардан басқа төрт жақты телеграф, тазиметр, кинотоскоп және динамоэлектрикалық машинаны ойлап тапқан. Оның өмірінде ойлап табылған құрылғылардың жалпы саны 1000-нан асып жығылады. [9]


Өмірінің соңы

Томас Эдисон 84 жасында 1931 жылы 18 қазанда қант диабетінен қайтыс болып, 21 қарашада үйінің арт жағына жерленді [10].

Цитаталары

Біздің өмірдегі басты қателігіміз – тез беріле салуымызда.
Кейде керек нәрсеңе жету үшін тағы бір рет байқап көру жеткілікті.
Менің демалыс және жұмыс күнім болған емес. Мен жай ғана жұмысымды жасадым және содан ләззат алдым.
Мүсіншіге мәрмәр үйіндісі керек болғандай, адамның жанына да білім қажет.
Кемеңгерлік-1 пайыз шабыт және 99 пайыз еңбектен тұрады.


  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Надеждин Н. Я. Томас Эдисон: "Человек изобретающий".
  2. Николис Скилакис. (2008) “Томас Эдисон“. Сто человек, которые изменили ход истории,14,5-29.
  3. Лапиров-Скобло М. Я. Эдисон. — Жизнь замечательных людей
  4. Mattew Josephson. Edison-ISBN- McGraw Hill, 1959.13: 978-0471548065
  5. Mattew Josephson. Edison-ISBN- McGraw Hill, 1959.13: 978-0471548065
  6. . Adair, Thomas Alva Edison. New York: Oxford University Press, 1996.
  7. F. Dyer, Edison, his life and inventions. Champaign, Ill.: Project Gutenberg.
  8. F. Dyer, Edison, his life and inventions. Champaign, Ill.: Project Gutenberg.
  9. . Adair, Thomas Alva Edison. New York: Oxford University Press, 1996.
  10. F. Dyer, Edison, his life and inventions. Champaign, Ill.: Project Gutenberg.
Other Languages
Afrikaans: Thomas Edison
Alemannisch: Thomas Alva Edison
العربية: توماس إديسون
Aymar aru: Thomas Edison
azərbaycanca: Tomas Alva Edison
žemaitėška: Tuoms Edėsuons
беларуская: Томас Эдысан
беларуская (тарашкевіца)‎: Томас Эдысан
български: Томас Едисън
Bislama: Thomas Edison
Bahasa Banjar: Thomas Alva Edison
brezhoneg: Thomas Edison
bosanski: Thomas Edison
Chavacano de Zamboanga: Thomas Edison
Mìng-dĕ̤ng-ngṳ̄: Thomas Edison
Cebuano: Thomas Edison
Cymraeg: Thomas Edison
Ελληνικά: Τόμας Έντισον
English: Thomas Edison
français: Thomas Edison
Gaeilge: Thomas Edison
贛語: 愛迪生
Avañe'ẽ: Thomas Edison
गोंयची कोंकणी / Gõychi Konknni: Thomas Edison
ગુજરાતી: થૉમસ ઍડિસન
客家語/Hak-kâ-ngî: Thomas Eddison
Fiji Hindi: Thomas Edison
Հայերեն: Թոմաս Էդիսոն
interlingua: Thomas Edison
Bahasa Indonesia: Thomas Alva Edison
Ilokano: Thomas Edison
italiano: Thomas Edison
Qaraqalpaqsha: Thomas Edison
Taqbaylit: Thomas Edison
Kabɩyɛ: Thomas Edison
Gĩkũyũ: Thomas Edison
къарачай-малкъар: Эдисон, Томас Альфа
Ripoarisch: Thomas Alva Edison
Кыргызча: Эдисон, Томас
Lëtzebuergesch: Thomas Alva Edison
Limburgs: Thomas Edison
lumbaart: Thomas Edison
لۊری شومالی: توٙماس ئدیسون
lietuvių: Thomas Edison
latviešu: Tomass Edisons
Basa Banyumasan: Thomas Alva Edison
Malagasy: Thomas Edison
македонски: Томас Алва Едисон
Bahasa Melayu: Thomas Edison
Mirandés: Thomas Edison
မြန်မာဘာသာ: သောမတ် အက်ဒီဆင်
مازِرونی: ادیسون
नेपाल भाषा: थोमस एडिसन
Nederlands: Thomas Edison
norsk nynorsk: Thomas Edison
occitan: Thomas Edison
Livvinkarjala: Thomas Edison
ਪੰਜਾਬੀ: ਥਾਮਸ ਐਡੀਸਨ
Kapampangan: Thomas Edison
Piemontèis: Thomas Edison
português: Thomas Edison
armãneashti: Thomas Alva Edison
русиньскый: Томас Едісон
संस्कृतम्: थामस् एडिसन्
саха тыла: Томас Эдисон
srpskohrvatski / српскохрватски: Thomas Alva Edison
Simple English: Thomas Edison
slovenčina: Thomas Alva Edison
slovenščina: Thomas Alva Edison
Gagana Samoa: Thomas Edison
Soomaaliga: Tomas Edison
српски / srpski: Томас Алва Едисон
Basa Sunda: Thomas Alfa Edison
svenska: Thomas Edison
Kiswahili: Thomas Edison
Türkmençe: Tomas Edison
Tagalog: Thomas Edison
Türkçe: Thomas Edison
татарча/tatarça: Томас Эдисон
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: توماس ئېدىسون
українська: Томас Алва Едісон
oʻzbekcha/ўзбекча: Thomas Edison
vepsän kel’: Edison Tomas Alva
Tiếng Việt: Thomas Edison
Volapük: Thomas Edison
Winaray: Thomas Edison
吴语: 爱迪生
Yorùbá: Thomas Edison
Zeêuws: Thomas Edison
中文: 爱迪生
Bân-lâm-gú: Thomas Edison
粵語: 愛迪生