Полибий

A.

Полибий (Polybіos) (шамамен б.з.б. 201, Мегалополь қ. Аркадия — б.з.б. 120 ж. ш. сонда) — ежелгі грек тарихшысы. Ахей одағы басшыларының бірі Полибий б.з.б. 171 — 168 ж. болған 3-македон соғысынан кейін тұтқындармен бірге Римге аманат ретінде жіберілді. Римде болған 16 жылда ол Сципион Эмилиан бастаған Рим ақсүйектерімен тығыз қарым-қатынас жасады. Полибий саяси көзқарас жағынан Грекияның олигархтық топтарының жетекшісі, демократтардың қарсыласы болды. Полибийдің негізгі еңбегі — 40 кітаптан (бізше тараудан) тұратын “Жалпы тарих”. Бізге еңбектің алғашқы 5 кітабы және үлкенді-кішілі үзінділері жетті. Ол өз еңбегінде б.з.б. 220 — 146 жылдардағы Жерорта т. жағалауындағы мемлекеттер (Грекия, Македония, Кіші Азия, Сирия, Египет, Карфаген және Рим) тарихын өзара сабақтастыра қарастырды. Полибий Жерорта т-нде Рим үстемдігінің орнауын баяндап, олардың жүргізген саясатын жоғары бағалады. Ол Римнің жетістіктерін монарх., аристократ. және демократиялық құрылыс элементтерін үйлестірудің жоғары дәрежеде ұйымдастырылуымен байланыстырады. Полибий тарихтың міндеті жеке адамдар іс-әрекетіне себепші болатын оқиғаларды суреттеу ғана емес, оларды түсіндіру деп таниды.

  • Дереккөздер

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том


Other Languages
aragonés: Polibio
العربية: بوليبيوس
azərbaycanca: Polibi
تۆرکجه: پولیبیوس
беларуская: Палібій
български: Полибий
brezhoneg: Polybios
bosanski: Polibije
català: Polibi
čeština: Polybios
Cymraeg: Polybius
dansk: Polyb
Deutsch: Polybios
Ελληνικά: Πολύβιος
English: Polybius
Esperanto: Polibio
español: Polibio
eesti: Polybios
euskara: Polibio
فارسی: پولیبیوس
suomi: Polybios
français: Polybe
galego: Polibio
עברית: פוליביוס
hrvatski: Polibije
magyar: Polübiosz
Հայերեն: Պոլիբիոս
interlingua: Polybio
Bahasa Indonesia: Polibios
íslenska: Pólýbíos
italiano: Polibio
ქართული: პოლიბიოსი
한국어: 폴리비오스
Latina: Polybius
lietuvių: Polibijus
latviešu: Polībijs
Mirandés: Políbio
Nederlands: Polybios
norsk: Polybios
polski: Polibiusz
português: Políbio
română: Polybius
русский: Полибий
sicilianu: Pulibbiu
Scots: Polybius
srpskohrvatski / српскохрватски: Polibije
slovenčina: Polybios
slovenščina: Polibij
shqip: Polibi
српски / srpski: Полибије
svenska: Polybios
Tagalog: Polyvios
Türkçe: Polibios
українська: Полібій
oʻzbekcha/ўзбекча: Polibiy