Морфема

Тіл бірліктері
Деңгейлер бойынша

Сол жақта «эмикалық», оң жақта — «этикалық» бірлік көрсетілген. Түспен бейбелгілік біржақты бірліктер бейеленген.


Морфема (гр. morphe – түр, тұлға) – сөздің мағыналы ең кіші бөлшегі. Ұғымға алғаш И.А. Бодуэн де Куртене (1881) енгізген. Морфема негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі морфемаға дербес лексикалық мағынасы бар, сөздерге ұйтқы болатын түбірлер (ақ, ек, ұқ, ас, ұр, үр, ер, т.б.) жатады. Қосымша морфемаға жеке лексикалық мағынасы болмайтын, тек грамматикалық мағынаға ие қосымшалар мен қосалқы Морфемалар (-ның, -нің, -ға, -ге, -ын, -ін, -ар, -ер, т.б.) жатады. Қосымша морфема сөз түрлендіруші, сөзжасамдық тұлғаларға және жалғауларға бөлінсе, қосалқы сөздер құранды атауларда жұмсалады. Қосымша морфемалар кез келген түбір морфемаға жалғана бермейді, синтагматикалық және парадигматикалық заңдылықтарға бағынады, араларында мағыналық және тұлғалық мәндестік болады. Қосымша Морфеманың түбірге жалғануында ішкі иерархиялық заңдылық бар. Айталық, зат есім тұлғаларының жалғануы түбір морфема + көптік + тәуелдік + септік жалғаулары болып келеді, мысалы: бала+лар+ымыз+дың. Бір мағына беретін морфема бірінің үстіне бірі жалғанбайды, етістік тұлғаларында да осындай заңдылық сақталады. Есімше тұлғасының үстіне көсемшенің жұрнағы жалғанбайды, жіктік жалғауы соңынан жалғанады: кел+іп+ті, бар+ған+быз. Түбір морфемаға бірнеше қосымша морфема жалғана алады:

  • алдымен, сөз тудырушы морфема, сосын мағыналық, қызметтік, тұлғалық сипатына қарай өзге морфемалар жалғанады. Түбір морфеманың мағынасы нақты, дербес;
  • қосымша морфеманың мағынасы жалпы, абстрактылы.

Тілімізде түбір морфема көп, қосымша морфеманың саны әлдеқайда аз.[1]

Морфема түрлері

Морфема іштей екіге бөлінеді: негізгі морфема және қосымша морфема. Негізгі морфемаларлексикалық мағыналы дербес қолданылатын түбір сөздер. Олар түпкі түбірлер (тір - тірі дегендегі), түбір негіздер (тірі), туынды негіздер (тірлік) болып үшке бөлінеді. Қосымша морфемалар — дербес қолданылатын сөздерге әр түрлі грамматикалық ғана мағына үстейтін тұлғалар. Олар іштей қосымшалар мен қосалқылар болып екіге бөлінеді. Қосымшалар: сөзжасам, сөзтүрлем, сөзбайлам тұлғалар. Бұлардың сөзжасамы мен сөзтүрлемі - жұрнақтар да, сөзбайламы - жалғаулар деп танылады. Қосымшалар қатарына дәйек және аяқ қосалқылар жатады. Дәйек қосалқылар түбір сөздің алдына қосылып, сөзге грамматикалық күшейтпе мағына үстейді (күшейтпе буынды: сап-сары, қап-қара және күшейтпе сөзді өте жақсы, тым жаман). Аяқ қосалқылар негізгі сөздің соңында қолданылады да, оларға шектеме және көмекші грамматикалық мағына үстейді. Шектемелер сөзге ұқсама буын қосып айтылатын (шай-пай, нан-пан) және демеуші шылаулар арқылы жұмсалатын (осы ғана, осы-ақ) сөздер құрамында қолданылады. Көмекшілер: көмекші есімдер (үсті, асты т. б.), көмекші етістіктер ( еді, екен т. б.), септеулік шылаулар (дейін, шейін т. б.), жалғаулық шылаулар (мен, және, тағы т. б.).[2]

Other Languages
Afrikaans: Morfeem
Alemannisch: Morphem
العربية: مرفيم
asturianu: Morfema
беларуская: Марфема
беларуская (тарашкевіца)‎: Марфэма
български: Морфема
brezhoneg: Morfem
català: Morfema
کوردی: مۆرفیم
čeština: Morfém
словѣньскъ / ⰔⰎⰑⰂⰡⰐⰠⰔⰍⰟ: Морфима
Чӑвашла: Морфема
Cymraeg: Morffem
dansk: Morfem
Deutsch: Morphem
ދިވެހިބަސް: ލުފައިޒު
Ελληνικά: Μόρφημα
English: Morpheme
Esperanto: Vortero
español: Morfema
eesti: Morfeem
euskara: Morfema
فارسی: تک‌واژ
suomi: Morfeemi
français: Morphème
Frysk: Morfeem
Gaeilge: Moirféim
galego: Morfema
עברית: מורפמה
हिन्दी: रूपिम
hrvatski: Morfem
hornjoserbsce: Morfem
magyar: Morféma
հայերեն: Ձևույթ
interlingua: Morphema
Bahasa Indonesia: Morfem
Ido: Morfemo
íslenska: Myndan
italiano: Morfema
日本語: 形態素
ქართული: მორფემა
한국어: 형태소
kurdî: Morfem
Limburgs: Morfeem
lietuvių: Morfema
latviešu: Morfēma
македонски: Морфема
Bahasa Melayu: Morfem
Plattdüütsch: Morphem
Nederlands: Morfeem
norsk nynorsk: Morfem
norsk: Morfem
Novial: Morfeme
ਪੰਜਾਬੀ: ਮਾਰਫੀਮ
polski: Morfem
português: Morfema
Runa Simi: Rimana yapaq
română: Morfem
русский: Морфема
Scots: Morpheme
srpskohrvatski / српскохрватски: Morfem
Simple English: Morpheme
slovenčina: Morféma
slovenščina: Morfem
српски / srpski: Морфема
svenska: Morfem
Kiswahili: Mofimu
Tagalog: Morpema
Türkçe: Biçimbirim
українська: Морфема
vèneto: Morfema
Tiếng Việt: Hình vị
walon: Morfinme
中文: 語素