Лейкоциттер

Қанның ақ түйіршіктері немесе лейкоциттер (гр. λευκωςақ және гр. κύτοςжасуша) – ядросы бар және белсенді амёба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалар. Қанның 1 мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер, эозикофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және көк бауырда пайда болады.

Лейкоциттер — ақ (түссіз), ядролы қан торшалары. Сүйек майында құрылады. Қан мен ұлпаларда әр түрлі қызметтер атқарады, тәнді және тәнсіз иммунді реакцияларға, қабынуларға қатынасады. Көп ядролы лейкоциттер нейтрофилді, эозинофилді және базофилді гранулоциттер жатады.[1]

SEM blood cells.jpg

Олардың тіршілік ету мерзімі – бірнеше күн. Лейкоциттердің қорғаныш және қалпына келтіру қызметі олардың қанда антиденелерді құрып, бактериялардың өзіне сіңіріп, жою қабілетіне байланысты. Қан тамырладың қабырғалары арқылы өтіп лейкоциттер қан ағымы арқылы организмнің ұлпа, жасушалар аралығына өте алады да дененің зақымданған жерлерінде жинала алады. Бұл жерде олар жиналған аяқтарымен организмдегі әр түрлі микроорганизмдерді, көне жасушаларды өзіне сіңіріп, жойып тұрады. Оларды жою барысында лейкоциттер өздеріде өліп кетеді.

Леййкоциттердің денесі, қабығынан цитоплазмадан және ядродан тұрады. Лейкоциттердің саны эритроциттерден 600-800 есе кем. Олардың қарапайым организмдер сияқты (амеба) жалған аяқтарымен активті қозғалу қабілеті байқалады яғни жалған аяктарының көмегімен микроорганизмдерді қармалап (өте қалса) алып, өзінің вакуолдарына жібереді де оны қорытып жойып жібереді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, кезінде Мечников ашқан. Олай болса лейкоциттердің қорғаныштық қызметі олардың фагоцитоздық қасиетіне негізделген.

Түйіршіксіз лейкоциттер:1. Лимфоциттер - диаметрі 8-10 мкм-ге жететін лейкоциттердің ішіндегі ең ұсағы болғанымен ядросы ірі. Цитоплазмасында түйіршіктері болмайды, баяу қозғалады.2. Моноциттер - қанның түссіз жасушаларының ішіндегі ең ірісі - диаметрі 12-20 мкм, ядросының пішіні таға тәрізді, цитоплазмасы түйіршіксіз. Моноциттер өте қозғалғыш, бактерияларды тез қармап асады. Дені сау адамның қанында лимфоциттер 25-30%, моноциттер 5-10% болады.Лейкоциттер сүйек кемігінде, лимфа түйіндерінде, айырша безде және көкбауырда түзіледі. Қанда таңертеңгі ашқарында (тамақ ішпегенде) аздау болып, тамақтанғаннан кейін көбейеді. Тіршілік ету ұзақтығы 5-9 тәулік. Эритроциттер сияқты лейкоциттер де көкбауыр мен бауырда жойылады.

[2][3][4]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. ISBN 5-630-0283-X
  2. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х
  3. http://kazorta.org/lejkotsitter-zh-ne-olardy-yzmeti/
  4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы


Other Languages
Afrikaans: Witbloedsel
asturianu: Leucocitu
azərbaycanca: Leykositlər
башҡортса: Лейкоциттар
беларуская: Лейкацыты
български: Левкоцит
bosanski: Leukociti
català: Leucòcit
čeština: Bílá krvinka
Deutsch: Leukozyt
ދިވެހިބަސް: ލޭގެ ހުދު ސެލް
Esperanto: Leŭkocito
español: Leucocito
euskara: Leukozito
estremeñu: Leucocitu
suomi: Valkosolu
français: Leucocyte
galego: Leucocito
客家語/Hak-kâ-ngî: Pha̍k-se-pâu
עברית: תא דם לבן
hrvatski: Leukociti
Հայերեն: Լեյկոցիտ
interlingua: Leucocyto
Bahasa Indonesia: Sel darah putih
íslenska: Hvít blóðkorn
italiano: Leucocita
日本語: 白血球
Basa Jawa: Leukosit
ქართული: ლეიკოციტები
한국어: 백혈구
kurdî: Xiroka spî
Кыргызча: Лейкоциттер
Latina: Leucocytus
lumbaart: Leucocitt
latviešu: Leikocīti
македонски: Бели крви зрнца
Bahasa Melayu: Sel darah putih
Nederlands: Witte bloedcel
norsk nynorsk: Kvit blodlekam
occitan: Leucocit
Kapampangan: Leukocyte
polski: Leukocyty
português: Leucócito
română: Leucocită
русский: Лейкоциты
srpskohrvatski / српскохрватски: Leukocit
Simple English: White blood cell
slovenčina: Biela krvinka
slovenščina: Levkocit
shqip: Leukociti
српски / srpski: Бела крвна зрнца
Basa Sunda: Sél getih bodas
svenska: Vit blodkropp
тоҷикӣ: Лейкосит
Türkçe: Akyuvar
ئۇيغۇرچە / Uyghurche: ئاق قان ھۈجەيرىسى
українська: Лейкоцити
Tiếng Việt: Bạch cầu
中文: 白血球
粵語: 白血球