Кинотеатр

Кинотеатр Шевченко 003.jpg

Кинотеатр– көпшілікке кинофильмдер көрсетуге арналған ғимарат не ғимараттың бір бөлігі. Ол экран тұрпаты бойынша кең пішімді, кең экранды, әдеттегі, стереоскопиялы дөңгелек панорамалы (циркорама) Кинотеатр, залдарының құрамына қарай бір, екі, кейде үш залдық Кинотеатр, арналуы мен қызметіне қарай балалар, ересектер Кинотеатры, деректі фильмдік, қайта көрсетілімдік Кинотеатр болып бөлінеді. Кинотеатр ғимараты көрермендер залы, аппараттық, әкімшілік бөлімдерден тұрады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда небәрі 13 жеке меншік кинозал (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола, Қостанай және Ақтөбеде) болды. Верныйда тұңғыш кино 1910 ж.“Марс” Кинотеатрында көрсетілді. Кинотехниканың өте төмен дәрежеде болуы, өлкенің экономикалық жағынан артта қалуы әрі халықтың сирек орналасуы себепті фильмдер аракідік көрсетілді. Кино өндірісі болмаса да оның белсенді насихатшылары болды. Солардың бірі – Ә.Жангелдин. Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, сол сапарынан Испания, Үндістан, Қытай, т.б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиалық, тұрмыстық мәні бар 40 шақты таспа мен жылжымалы кинопроектор алып келіп, халыққа көрсетті. Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы Кинотеатрлары 20 ғ-дың 30-жылдары салына бастады. Бұл кезеңде Алматыда “Алматы” (қазіргі 28-гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта), Қарағандыда “Қазақстан” (қазіргі Қазақ драма театрының ғимараты), “Шахтер”, Қызылордада “Амангелді” секілді Кинотеатр ғимараттары бой көтерді. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап Кинотеатрлар, негізінен, бір тұрпатты жобамен салынды. Алматыдағы “Алатау” (1960), “Арман” (1968), Кино үйі (1971), “Байқоңыр” (1980), т.б. Кинотеатрлар, Астанада 1990 ж. аяғы мен 2000 ж. басында бой көтерген жаңа Кинотеатрлар осы заманғы ең озық кинотехникамен жабдықталған әсем ғимараттар қатарына жатады.[1]

  • Дереккөздер

Дереккөздер

  1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Other Languages
አማርኛ: ሲኒማ
العربية: سينما
مصرى: سينيما
asturianu: Sala de cine
azərbaycanca: Kinoteatr
تۆرکجه: سینما
башҡортса: Кинотеатр
žemaitėška: Kins
беларуская: Кінатэатр
беларуская (тарашкевіца)‎: Кінатэатар
български: Киносалон
bamanankan: Sinima
Tsetsêhestâhese: Môxe'a'xémâhéó'o
کوردی: سینەما
čeština: Kino
Cymraeg: Sinema
dansk: Biograf
Deutsch: Kino
Zazaki: Sinema
English: Movie theater
Esperanto: Kinejo
español: Sala de cine
eesti: Kino
français: Salle de cinéma
Gaeilge: Pictiúrlann
hrvatski: Kino
Հայերեն: Կինոթատրոն
Bahasa Indonesia: Bioskop
íslenska: Kvikmyndahús
italiano: Cinema (luogo)
日本語: 映画館
Basa Jawa: Biyoskup
한국어: 영화관
Кыргызча: Кинотеатр
Latina: Cinemateum
Lëtzebuergesch: Kino
Lingua Franca Nova: Sinema
Ligure: Cine
lietuvių: Kino teatras
latviešu: Kinoteātris
олык марий: Кинотеатр
македонски: Кино
монгол: Кино театр
Bahasa Melayu: Panggung wayang gambar
Plattdüütsch: Kino
Nederlands: Bioscoop
norsk nynorsk: Kino
norsk: Kino
polski: Kino
پښتو: سينما
português: Sala de cinema
română: Cinematograf
русский: Кинотеатр
русиньскый: Кіно
sicilianu: Cìnima
srpskohrvatski / српскохрватски: Bioskop
සිංහල: සිනමාහල
Simple English: Movie theater
slovenčina: Kino
slovenščina: Kino
shqip: Kino
српски / srpski: Биоскоп
Basa Sunda: Bioskop
svenska: Biograf
Kiswahili: Jumba la Sinema
Tagalog: Sinehan
Türkçe: Sinema salonu
українська: Кінотеатр
Tiếng Việt: Rạp chiếu phim
walon: Cinema
Wolof: Sinemaa
ייִדיש: קינא
中文: 電影院
Bân-lâm-gú: Tiān-iáⁿ-īⁿ
粵語: 戲院
isiZulu: Ibhayisikobho