І Юстиниан

Юстиниан І

Юстиниан І (Justіnіanos І) (482/83, Таурисий, Жоғары Македония – 14.11.565, Константинополь) – Византия императоры (527 – 565). Шаруа отбасынан шыққан. Өзінің үлкен ағасы император Юстин І-нің (518 – 527) көмегімен император сарайына жақын болып, мемлекеттік істерге үлкен ықпал етті. Таққа отырған соң империяның бұрынғы шекараларын қайта қалпына келтіруге тырысты. Жер иеленушілер мен құлиеленушілерге сүйенді, православие дінінен қолдау іздеп, сенаторлардың қарсылығын шектеуге тырысты. Мемлекеттік саясатта императордың әйелі Феодора үлкен рөл атқарды. Юстиниан І кезінде рим құқықтары толықтай қалпына келтіріліп, заң шығарушылық қызмет императордың шексіз билігін орнатуға, құл иеленушілікті нығайтуға бағытталды. Оның 536 – 538 ж. жүргізген реформалары мемлекетті орталықтандыруға жағдай жасады. Әкімшілік округтер үлкейтіліп, мемлекеттік аппарат пен армия күшейтілді. Қолөнер мен саудаға мемлекет бақылауы қойылды. Юстиниан І-нің кезінде салықтар көбейіп, еретиктер қатаң қудаланды. Ол алып құрылыстар жүргізуге (варварлардың баса-көктеп кіруінен қорғану үшін әскери бекіністер, қалалар, сарайлар мен ғибадатханалар салуға) үнемі қолдау жасап отырды. Кең көлемді жаулап алу саясатын жүргізді: варварлар басып алған Батыс Рим империясының жерлері (533 – 534 ж. Солтүстік Африка, Сардиния, Карсика, 535 – 555 ж. – Апеннин түбегі мен Сицилия, 554 ж. – Пиреней түбегінің оңтүстік-шығыс бөлігі) қайтадан тартып алынып, бұл жерлердегі құлиеленушілік тәртіптер қалпына келтірілді. Шығыста Иранмен (527 – 532, 540 – 561), солтүстікте славяндармен соғыс жүргізілді. Византияға қосылған жерлерде император билігіне қарсы жиі-жиі халық көтерілістері болып тұрды.[1]

  • Дереккөздер:

Дереккөздер:

  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том


Other Languages
Alemannisch: Justinian I.
aragonés: Chustinián I
asturianu: Xustinianu I
azərbaycanca: I Yustinian
беларуская: Юстыніян I
беларуская (тарашкевіца)‎: Юстыніян I
български: Юстиниан I
brezhoneg: Justinian Iañ
bosanski: Justinijan I
català: Justinià I
čeština: Justinián I.
Cymraeg: Justinianus I
Deutsch: Justinian I.
English: Justinian I
español: Justiniano I
français: Justinien
Gaeilge: Justinian I
galego: Xustiniano I
Bahasa Indonesia: Yustinianus I
íslenska: Justinianus 1.
italiano: Giustiniano I
Basa Jawa: Justinianus I
ქართული: იუსტინიანე I
Kabɩyɛ: Justinien
Ladino: Justinianus
lietuvių: Justinianas I
latviešu: Justiniāns I
Malagasy: Justinian I
македонски: Јустинијан I
Bahasa Melayu: Justinian I
မြန်မာဘာသာ: ဂျပ်စတီနီယံ၊ (ပထမ)
Napulitano: Giustiniano I
Nederlands: Justinianus I
occitan: Justinian Ier
português: Justiniano
русский: Юстиниан I
sicilianu: Giustinianu I
srpskohrvatski / српскохрватски: Justinijan I. Veliki
Simple English: Justinian I
slovenčina: Justinián I.
slovenščina: Justinijan I.
српски / srpski: Јустинијан I
svenska: Justinianus I
Kiswahili: Justiniani I
Tagalog: Justiniano I
Türkçe: I. Justinianus
українська: Юстиніан I
Tiếng Việt: Justinianus I
Winaray: Justinian I